КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 1 ГОРОДА ЕСИЛЬ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕСИЛЬСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ "ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ЕСІЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ ЕСІЛ ҚАЛАСЫНЫҢ № 1 МЕКТЕБІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

 

 

 

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша

2023 жылға арналған есеп

 

1. Жалпы ережелер

  1. Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ. Заңды мекенжайы: Есіл қаласы, Оңтүстік көшесі 1.

«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ жанындағы «Қарлығаш» шағын орталығы. Заңды мекенжайы: Есіл қаласы, Оңтүстік көшесі

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де 7 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2023 жылы «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 79 қызмет көрсетті;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген-4 қызмет;

электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер 50 қызмет;

көрсетілген мемлекеттік қызметтер қағаз нұсқада көрсетілген 25 қызмет.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;

«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»;

«Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»;

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау».

2. Қызмет алушылармен жұмыс:

  1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет-ресурста орналастырылған http://sc0001.esil.aqmoedu.kz / «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі орналастырылған, сондай-ақ ақпараттық стенділерде орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

  2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады. "Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Есіл қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ нормативтік-құқықтық актілер әзірленбеген. 

  3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

2023 жылы «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ әлеуметтік желілерде тұрақты негізде мақалалар жарияланады, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Ай сайын көрсетілетін қызметті берушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы халықты хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. жүйеде 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылады.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де ҚР БҒМ ММ АЖО Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жүйесі жұмыс істейді, онда 6 мемлекеттік қызмет қолжетімді. 

Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жауаптылар мемлекеттік қызметтер көрсетуде біліктілікті арттыру курстарынан өтті, болашақта біліктілікті арттыру бойынша жұмыс жалғасатын болады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

     1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

 2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес бақылау іс-шаралары жүргізілді. Бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде бұзушылықтар жоқ.

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру

  Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2023 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

  2023 жылы «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады.


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 08.09.2023 14:50
Құрылған күні: 04.03.2024 13:53

Текст