"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Есіл қаласының № 1 жалпы білім беретін мектебі "коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Келешек мектептері»

07.09.2025

 Қызылорда облысында үш ауысымды оқыту мәселесі жойылды – Оқу-ағарту министрі Келешек мектептерінің ашылуына қатысты

🇰🇿Конституция күні қарсаңында Қызылорда қаласында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері»ұлттық жобасы аясында екі жаңа мектеп пайдалануға берілді. Мектептердің ашылу салтанатына Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, қоғам өкілдері, педагогтер мен қала тұрғындары қатысты.

🏗Қаланың халық ең тығыз қоныстанған аудандарының бірі «Арай» шағын ауданында 1500 орындық жаңа мектеп есігін айқара ашты. Бұл – Қызылордадағы ең ірі білім ошағы. Ол сыныптардағы артық жүктемені азайтып, балаларға жайлы ортада білім алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ «Қызылжарма» шағын ауданында 900 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Ол ескі ғимараттың орнына салынған әрі заманауи стандарттарға сай келеді.

⚡️Облыс әкімі атап өткендей, Қызылорда үш ауысымды оқыту мәселесін түбегейлі шешкен көшбасшы аймақтардың қатарына енді. Бұған дейін мұндай нәтижеге Шымкент қаласы мен Ақмола облысы қол жеткізген болатын.

📉Өңір тұрғындары алдында сөз сөйлеген оқу-ағарту министрі соңғы екі жылда жүйелі жаңғырту мен мектеп инфрақұрылымын кеңейту нәтижесінде елімізде үш ауысымды мектептердің саны үш есеге қысқарғанын ерекше атап өтті.

«Екі жылдың ішінде Қазақстандағы үш ауысымды мектептердің саны үш есе азайды. Бүгінде шамамен 3 мың мектеп бір ауысымда, 5 мыңға жуық мектеп екі ауысымда жұмыс істейді. Мұндай нәтижеге мемлекет тарапынан жаңа мектептер құрылысы мен инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған ауқымды шаралардың арқасында қол жеткізіліп отыр. 2025–2026 оқу жылдары 267 мың орынға арналған 232 жаңа мектептің құрылысы жоспарланған. Сонымен бірге мектептерді жаңғырту бойынша реновациядан өткізу бағдарламасы жүзеге асырылуда. Биыл бұл бағдарлама 190 мың оқушы білім алатын 245 мектепті қамтиды», – деді Ғани Бейсембаев.

🔔Жаңа мектептер – балалардың білім алуы мен дамуына арналған инновациялық кеңістік. Олар заманауи STEM-зертханаларымен, робототехника кабинеттерімен, хореография және бірнеше спорт залымен және медициналық пункттермен жабдықталған. Әсіресе, инклюзивті білім беру мен балалардың қауіпсіздігіне ерекше н

Просмотров: 27


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

, )N\vzq"EhھwX'
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>
Текст