Суды үнемдеңіз-болашақты сақтаңыз

22.05.2026

Экологиялық ағарту — басты назарда! 💧🌍Бүгін Ақмола облысының 10–11 сынып оқушылары мен колледж студенттері «Суды үнемде — болашақты сақта» атты республикалық экологиялық сағатқа белсене қатысты.Оқу-ағарту министрлігі мен Су ресурстары және ирригация министрлігі ұйымдастырған бұл шарада жастарымыз онлайн форматта су ресурстарын ұтымды пайдаланудың маңызын талқылады.Шара қалай өтті?🔹 Жоғары сынып оқушылары YouTube арқылы тікелей эфирге ұйымдасқан түрде қосылды.🔹 Қазақстанның су қорының қазіргі жағдайы туралы құнды мәліметтер алды.🔹 Күнделікті өмірде суды үнемдеуге көмектесетін қарапайым әрі пайдалы әдеттерді үйренді.Табиғатты қорғауға бейжай қарамайтын, еліміздің экологиялық болашағына жауапкершілікпен қарайтын оқушыларымызды мақтан тұтамыз! 🇰🇿✨

Просмотров: 192


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу