30 қыркүйекте 4 «А» және 4 «Б» сынып оқушылары арасында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Т.Ф
01.10.2026
30 қыркүйекте 4 «А» және 4 «Б» сынып оқушылары арасында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Т.Ф. Рыбканың ұйымдастыруымен «Көңілді мәре» спорттық жарысы өтті. Қатысушылар ептілік, жылдамдық, төзімділік және командалық ауызбіршілік бойынша бақ сынасты. Балалар эстафеталық тапсырмаларды үлкен құлшыныспен орындап, бір-біріне қолдау көрсетті және жеңіске ұмтылды. Жарыс өте көңілді әрі тату жағдайда өтіп, барлық қатысушыларға сергектік, жағымды әсерлер мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Просмотров: 4