«Күзгі күнде кітапханаға» іс-шарасы аясында білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, оқу мәдениет...
30.10.2026
«Күзгі күнде кітапханаға» іс-шарасы аясында білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, оқу мәдениетін қалыптастыруға және танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған кітаптарды онлайн оқу шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар онлайн-кітапханалардың мүмкіндіктерімен танысып, электронды кітаптардың артықшылықтары мен олардың қазіргі әлемдегі қолжетімділігі туралы білді. Балалар өз қызығушылықтарына сәйкес шығармаларды таңдап, қызықты әрі танымдық туындыларды тек дәстүрлі баспа форматында ғана емес, сонымен қатар цифрлық ресурстардың көмегімен де оқуға болатынына көз жеткізді. Ең жағымды сәт — онлайн-кітаптармен танысқаннан кейін балалардың қолдарына нағыз, баспа кітаптарын да алғысы келгені болды. Олардың беттерді парақтап, безендірілуін тамашалағысы, дәстүрлі кітап оқу атмосферасын сезінгісі және алдағы уақытта танысу үшін шығармалар таңдағысы келді.
#адал_азамат