⚖ «Заң мен тәртіп» – қауіпсіз қоғамның негізі!

10.11.2026

⚖️ «Заң мен тәртіп» – қауіпсіз қоғамның негізі!
🏫 Жастар ресурстық орталығының маманы №1 жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушыларымен «Заң мен тәртіп» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді.
📌 Кездесу барысында оқушыларға құқық бұзушылықтың себептері мен салдары, бір-біріне құрметпен қараудың маңыздылығы, сондай-ақ қауіпсіздік ережелерін сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде ақпарат берілді.
🎮 Профилактикалық әңгімеден кейін оқушылар арасында ойын бағдарламасы ұйымдастырылып, балалар түрлі ойындар мен қызықты тапсырмаларға белсенді қатысты.
🤝 Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өзара құрмет, жауапкершілік және мектептегі қауіпсіз ортаның маңыздылығын талқылады.

Instagram @shkola1esil

Просмотров: 11

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу