Бүгін мектебімізде «Қазақшаңыз қалай?» атты тәрбиелік-танымдық іс-шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың...

18.11.2026

Бүгін мектебімізде «Қазақшаңыз қалай?» атты тәрбиелік-танымдық іс-шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, қазақ тілінің мәртебесін насихаттау, тіл мәдениетін қалыптастыру және ана тілімізге деген сүйіспеншілігін ояту.
Іс-шара барысында оқушылар қазақ тілінің байлығы мен көркемдігін танытатын түрлі тапсырмалар орындап, тіл білімдеріне қатысты сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, қатысушылар өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын көрсетіп, белсенділік танытты.

Instagram @shkola1esil

Просмотров: 8

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу