КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 1 ГОРОДА ЕСИЛЬ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕСИЛЬСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ "ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ЕСІЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ ЕСІЛ ҚАЛАСЫНЫҢ № 1 МЕКТЕБІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектептегі пәндік олимпиада

21.11.2019

Мектепішілік пәндік олимпиада өз мәресіне жетті

 

     «Есіл қаласындағы № 1 орта мектебі» КММ  қараша айының 14-16 аралығында 1-11-сынып оқушылары арасында мектепішілік  пәндік олимпиада өтті. Бастауыш сыныптар мен орта буын оқушылары арасында олимпиада «Квест» түрінде өтті.

         14 қараша күні олимпиада  1-4 сынып оқушылары арасында  өтті. Әр сыныптан  7 оқушыдан тұратын команда сайысқа түсті. Жоғарғы сынып оқушылары бұл шараға еріктілер ретінде ат салысты.

    15 қараша күні орта буын оқушылары арасында олимпиада өтті. Бұнда да әр сыныптан жеті оқушыдан тұратын команда сынға түсті. Оқушылар 7 пән бойынша өз білімдерін көрсетіп, бақ сынады.

     Оқушылар осы жеті пән бойынша тапсырмаларды орындап, ұпайларын жинады. Соңында команда мүшелерінің ұпайлары қосылып, командалық ұпай саны шығарылды. Команда ішінде олимпиада  жеңімпазы, параллель сыныптар  арасында  жеңімпаздар  анықталды. Ал командалар арасында ең жоғары ұпай жинаған команда жеңімпаз атанды.

   16 қараша күні жоғарғы сынып оқушылары арасындағы олимпиада дәстүрлі ереже бойынша өтті. Себебі  мектепішілік кезеңнен жеңімпаз болған оқушылар дәстүрлі аудандық пәндік олимпиадаға жолдама алады.

    Мектепішілік пәндік олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Просмотров: 507


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст