КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 1 ГОРОДА ЕСИЛЬ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕСИЛЬСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ "ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ЕСІЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ ЕСІЛ ҚАЛАСЫНЫҢ № 1 МЕКТЕБІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық «Абай оқулары» өз мәресіне жетті.

10.03.2017

Аудандық «Абай оқулары» өз мәресіне жетті.

         Наурыздың 2-cі күні «Есіл қаласындағы  №1 орта мектебінің» қабырғасында дәстүрлі «Абай оқулары»  байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқау  5-11 қазақ,  орыс   сынып оқушылары арасында өтті. Сайыскерлер әдеттегідей «Өлең - сөздің патшасы, сөз - сарасы», «Көңлім әнді ұғады»  атты екі номинация боойынша

өнер көрсетті. Сайысқа ауданның мектептерінен барлығы   34 оқушы қатысты. Оқушылардың өнерін бағалап,

әділ төрелік еткен әділ-қазылар алқасының құрамында аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Мусина Алмагүл Сұлтанқызы, қалалық № 3 орта мектебінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бөрібаев Айбар Қайыржанұлы және қалалық музыка мектебінің мұғалімі Базғалиев Сайын Қайратұлы болды.  Біздің мектептен екі оқушы өнер көрсетті. «Өлең-сөздің патшасы, сөз -сарасы» номинациясы бойынша  5 сынып оқушысы Дынкова Светлана өнер көрсетсе, «Көңлім әнді ұғады»  номинациясы бойынша 6- сынып оқушысы Бегалин Руслан өнер көрсетті. Бегалиннің орындауында шырқалған «Көзімнің қарасы» әні көрермен мен әділ-қазылар алқасының жүрегіне жол тауып, Русланымыз аталмыш сайыста 1-орынға ие болып мерейімізді арттырды.  Руланды шын жүректен құттықтап, өнерің үстем болсын, жеңістерден жеңістерге жете бер дегіміз келеді.

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,  Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.  Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, 
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма,-  деп ақынның өзі айтқандай, «соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп», тар жол, тайғақ кешу өмір кешкен, өкініш пен өксігі көп, қайғысы мен қасіреті мол қараңғы қапас өлкеде де, ел мұңдарын «асау жүрегінен» ағыта, шабытты жыр ғып төккен алып Абай атамыздың жүрегінің түбіне терең бойлап, оның жанының жұмбағын шешуге тырысып, оның мол мұрасымен сусындау әр адамның рухани жан дүниесінің таразысы.  Абай атамыздың өлеңдерін жаттап,рухани мұрасынан нәр алып, жан азығын байытатын шәкірттеріміз көбейе берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

«Есіл қаласындағы №1 орта мектебі» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айбота Әлкейқызы.

Просмотров: 542


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст