Мектепте 9 және 11-сынып оқушылары арасында баскетболдан жолдастық кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты — салауатты өмір ...

27.10.2026

Мектепте 9 және 11-сынып оқушылары арасында баскетболдан жолдастық кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың дене қасиеттерін дамыту, баскетбол ойнау дағдыларын жетілдіру және командалық рухты нығайту.
Ойын барысында қатысушылар ептілік, жылдамдық, төзімділік, командада жұмыс істей білу және жеңіске деген ұмтылыс қасиеттерін көрсетті. Матч достық әрі қызықты атмосферада өтті. Екі команда да жақсы дайындықтарын, белсенділіктерін және спорттық мінездерін танытты.
Мұндай кездесулер оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға, дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді.
Ең бастысы — достық, өзара құрмет және спортқа деген сүйіспеншілік!

#адал_азамат

Instagram @shkola1esil

Просмотров: 35


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу